Байлық пен білім
Бұл бетте «Байлық пен білім» атты Ақылбек Шаяхмет жазған білім туралы өлең берілген.
Байлық пен білімнің
Қайсысы бағалы?
Ақылға жүгінгін,
Ойланып шамалы.
Сараң да бай бүгін,
Малымен мақтанар.
Бір күндік байлығы
Шашылса – жоқ болар.
Байлықпен білімді
Алмайсың сатып та.
Біліммен байлықты
Табасың жатып та.
Байлығың бар болып,
Білімің көбейсе,
Жаратқан жар болып,
Көтерер ел еңсе.
Кемімес білімің,
Ұзартар қолыңды.
Көп болса ілімің,
Кеңітер жолыңды.
- Мархабат Байғұт
- Мархабат Байғұт
- Жәди Шәкенұлы
- Жәди Шәкенұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі