Тезек төре туралы шырқасам
Бұл бетте «Тезек төре туралы шырқасам» атты Әли Ысқабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Үйсін, Дулат, Жалайыр, Албан, Суан,
Сол елге Тезек төре сұлтан болған.
Атағы алты Алашқа түгел мәлім,
Өзі батыр, өзі ақын, саңлақ туған.
Болғанмен аға сұлтан Тезек төре,
Барлық жұрт хан көтерген, елге еге.
Данышпан, халық сүйген әділетті,
Бұзақыны тұқыртып, салған жөнге.
Жыр алыбы Сүйінбай, ақын Түбек,
Хан алдына сан барған, жадап-жүдеп.
Бақтыбайдай атақты бата алған,
Өнер сүйген, бағалаған хан Тезек.
Ұлылығын Тезектің елі ұмытпас,
Шоқанмен қатар басқан ізі ұмытпас.
Қара қылды қақ жарған әділдігін,
Алтынемел, Күреңбел жері ұмытпас.
- Мархабат Байғұт
- Мархабат Байғұт
- Жәди Шәкенұлы
- Жәди Шәкенұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі