Ақ мысық

Бұл бетте «Ақ мысық» атты Эльмира Омарбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Беті-қолын тазалап,
Мысық отыр әппақ.
Кірпігін де жуады
Мұрттарын да баптап.
Үстін, жүнін жалайды
Тілі тарақ тарайды.
Кір боп барған қасына
Маған теріс қарайды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері