Бала мен көбелек

Бұл бетте «Бала мен көбелек» атты Эльмира Омарбекова жазған бала туралы өлең берілген.

Бақ ішінде балақай,
Көбелек жүр қуалай.
Асыр салып ойнайды,
Ойынына тоймайды.
Ұшып кетті көбелек,
Кетіп қалды неге деп.
Өксіп-өксіп жылайды,
Жан досын қимайды.
Уатсам да қоймайды.
Көздің жасын тауысты,
Өкінішпен қауышты.
Қарап кенет қалысты,
Көзінен бұлт ауысты.
Кетті көзі күлімдеп,
Келді қайта көбелек.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері