Балқаймақ

Бұл бетте «Балқаймақ» атты Эльмира Омарбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қандай тәтті балқаймақ
Оны жеген таңғалмақ.
Май салынған – майқаймақ
Бал салынған – балқаймақ.
Апам піссе май қаймақ
Атам ішсе шай қаймақ.
Өзім жесем дәмді деп,
Қуанамын айғайлап.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері