Жазғы каникул

Бұл бетте «Жазғы каникул» атты Эльмира Омарбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жазкүндері өтіп жатыр зымырап,
Әрбір күні тоймайтындай қызық-ақ.
Бала біткен ойнаса да күнұзақ,
Біреуінің ойында жоқ шаршамақ.
Денелерін күн көзіне күйдіріп,
Асыр салды көл бойында жүгіріп.
Кештеу ұйықтап, бірге тұрып таңменен,
Отырады балық аулап тізіліп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері