Қазақ жері
Бұл бетте «Қазақ жері» атты Эльмира Омарбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Топырағы ыстық күнге төселіп,
Шөл де, көл де, жатыр кеңге бөленіп.
Қарапайым тіршіліктің тірлігі
Тұрғаны жоқ ешбір жерде бөгеліп.
Көлге жайды қаз-үйрегі қанатын,
Суы шипа бұлақтар бар ағатын.
Өзен бойы тоған, тоғай, ағаштар
Тамырларын мәңгі өлмес жастын.
Көбелегі гүлге қонған айналып,
Дала-көктем, өседі жаз жайқалып.
Тауға берік қамалды күн соқтырып,
Батады кеш қолына жас ай алып.
Шөлде жатқан күндіз аптап тымырсық,
Өмір сүру жан үшін онда тым ыстық.
Табанымның астында жер-жаратқан,
Қазақ жері бағып жатыр тыныштық.
- Эльмира Омарбекова
-
-
-
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі