Қарбыз

Бұл бетте «Қарбыз» атты Эльмира Омарбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жапырақтан, жапырақ
Әр тармақтан әр сабақ.
Қарбыз деген бірінші
Алақанда басбармақ.
Түйінін көк жүн басқан
Күндіз жатқан, түн жатқан.
Алып болды су ішіп
Суға таста, ол батпан.
Пышаққа із салдырған
Жарсақ исі аңқыған.
Құм далада өссе де
Шөлімді ол қандырған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері