Санамақ

Бұл бетте «Санамақ» атты Эльмира Омарбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бір дегенім – бота,
Өркештері жоқ па?!
Екі дегенім ешкі?
Лақтары тоқ па?
Үш дегенім үкі,
Талға қонып отыр.
Төрт дегенім тауық,
Жерден тары шоқыр.
Бес дегенім – бұзау,
Аяғына жоқ тұсау.
Алты деген аяқ,
Құлын менен озды-ау.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері