Ақсақ киік
Бұл бетте «Ақсақ киік» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Арқаның Бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ - шөл, ойлы-қырлы панасы бар.
Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп-өнген
Жәндіктің киік деген баласы бар.
Бетпақта қысы-жазы ел болмайды,
Ел-жайлау, өзен яки көл болмайды.
Бұтасы қу баялыш, қара жусан,
Көгала бетегелі бел болмайды.
Бетпақтың көлденеңі сегіз көштік,
Сайланып қыс ішінде талай көштік.
Азамат, ат пен айғыр, атан ғана
Шыдар деп қоста отырып, талай дестік.
Бетпақта елсіз-көлсіз өсіп-өнген,
Жалғыз-ақ құлан, киік шөлге көнген.
Қазақтың малдарындай қыбырласып,
Әр ойдан топ-топ болып жусап өрген.
Жалғыз-ақ ел жылында көшіп өтер,
Асығып қар суымен "несіп етер".
Қаптасып, көшкен елмен дамыл алмай,
Мергендер аң ауласып кәсіп етер.
Мергендер дамыл алмай киікті атқан,
Ауылды қан сасытып топырлатқан.
Киікті ойлай ма екен таусылар деп,
Азайып бірте-бірте келе жатқан!..
Бетпақтың көкпек, жусан, шөбі сұйық,
Сол шөпті қорек қылған байғұс киік.
Таңы - аппақ, екі көзі мөлдір қара,
Тигендей емес адам көзі қиып.
Киікті қазақ және дейді бөкен,
Бетпақты бұл бейшара қылған мекен.
Бөкенді атып мерген өлтіргенде,
Жазасыз жан өлді деп ойлай ма екен?
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Өзге аңға жануарды тең көрмедім.
Көздері мөлдіреген ақбөкенді
Адамның баласынан кем көрмедім.
Қап-қара екі көзі мөлдіреген,
Әдемі екі танау желбіреген.
Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды,
Жел түрткен жусаннан да селдіреген.
Азайды соңғы кезде байғұс бөкен,
Мың-мыңнан баяғыда өреді екен.
Бұл күнде келе жатқан жолаушыға,
Кез келеді анда-санда саяқ-некен.
Кей қазақ әдет қылған киік атып,
Мүйізін пайда қылып, шетке сатып.
Сандалған бір киікке ұшырастым,
Бір жылы Бетпақ шөлде келе жатып.
Бетпақта келе жатты ақсақ киік,
Сандалып қаңғырақтап басын иіп.
Пана іздеп шыбын жанға сүйретіліп,
Мергеннің кеудесіне оғы тиіп.
Тамады қара жерге аққан қаны,
Қиналып ентігеді шыбын жаны.
Боялып ақ денесі қызыл қанға,
Келеді әлі кетіп жығылғалы.
Қиырсыз, Бетпақ дала... қураған шөл...
Жалғыз-ақ сырғандайды қоңылтақ жел.
Меңіреу... тірі жан жоқ... жып-жылмағай.
Ел қайда? Ел алыста - шулаған ел!
Сандалып келе жатты ақсақ киік,
Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып...
Ақбөкен сахаранын бота көзі,
Атты екен қандай мерген көзі қиып?
Келеді қаңғылақтап жалғыз өзі,
Тілі жоқ, құр жүректе айтар сөзі.
Шағады шыбын жанның қиналғанын
Жалғыз-ақ мөлдіреген екі көзі.
Жапанда еш сая жоқ шыбын жанға,
Моншақтап жерге тамған қызыл қанға.
Жапанда басын сүйер тірі жан жоқ,
Әл кетіп сорлы киік жығылғанда!..
Бота көз сахарада қына терген,
Кім екен жапан түзде сені көрген?
Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау,
Дәл көздеп жүрегіңе атқан мерген!..
Керемет
Маған ұнады
Маган барыде унады ал сыздергеше
Маган унады сыздергеше унадыма
өте жақсы екен
Биз буны 31 01 17 окыдык оте
Керемет
Сөз жоқ)
Керемет жазылған!
Ия жаксы өлең ұнайды бұрыннан
Ия өте керемет мұндай керемет өлеңді естіп көрмеппін
өте керемет
Оте жаксы олен екен
Өте керемет бәрі түсінікті
Оте керемет жазылган.Маган унады.
Өте керемет олендер
Керемет өлең
бәріне ұнаған онда неге лайк баспағансыздар бұл жазудан оңайырақ қой соны түсіне алмай отырмын)))
Керемет өлең ғой. Жас келеді
С.Сейфуллиннің Ақсақ киік өлеңіндегі ақынның сұлулыққа көз қарасы
Өте керемет
Сөз жоқ.
Маған ұнады
өте керемет екен қандай аянышты
Мағанда ұнады.Басқаларынада оқып көрсін деп айтамын.
Кішкентайымда осы өлеңді әнімен айтушы едім.іздеп таптым.
Оқушымды" Сәкен оқуларына" дайындайын дегем өте жақсы көмек болды
Керемет
өте əдемі өлген керемет
өте аянышты əрі керемет жазылған өлең
Керемет
Керемет оте кушти
Күшті
КЕРЕМЕТ ӨЛЕҢ МАҒАН ҚАТТЫ ҰНАДЫ
Сөз жоқ керемет жазған екен. Нағыз ақын нағыз өлең
Керемет
Осы өлеңді мектепте да дауыстап айтып бере алмаушы едім, қазір қарасам, әліде оқи алмайды екенмін..жылап қоя беремін
Арқаның бетпақ деген баласы бар
Рахмет
Керемет Олен Маган унады
Маған ұнады керемет менің бұл кісі жерлесім.Неге лайк баспайсыздар тек 3-4 лайк тұр.
Өте керемет,маған ұнады,сізгеше?өте керемет күшті
Өте керемет!
Өте керемет бәрі түсінікті
өте жақсы екен
Өте әсерлі
Өте керемет топ-топ????????????
Алғаш оқығанда жылап едім
Керемет
Әпчууууу
Керемет
осы өлеңді мектепте жаттап бес деген баға алып едім класста тек мен жаттап барыптым))) керемет шығарылған!
Сәкен Сейфуллиннің “Ақсақ киік” өлеңі — қазақ даласының кеңдігін, табиғат пен жануардың тағдырын терең сезіндіретін шынайы поэтикалық шығарма.
Бұл өлеңде автор Бетпақтың құрғақ, қиян төс даласында киіктің қалай тіршілік еткенін, оның табиғатпен күресін нақты көрнекілігімен суреттеп береді — бұл қазақ әдебиетінде табиғат пен адам арасындағы байланыс суреттелген классикалық мысал.
Сезімтал тіл мен жануардың тағдырына толы мұңды бейнелеу бұл шығарманы ерекше етеді: шөлбай шөппен қоректенетін ақсақ киіктің ауыр күндерін оқығанда, оқырман табиғаттың нәзіктігін әрі адам пен аң арасындағы моральдық сабақты түсінеді.
Осы шығарма арқылы қазақ руханиятының байлығын, дала мәдениетін және табиғатты қорғаудың маңыздылығын тағы бір мәрте бағалаймыз — бұл өлең әр оқырманға ой салады.
Домбырада айтып жырласа өте керемет 👍🏼 Сәкен Сейфуллин катргіден қашып келе жатып әлі кетіп құлайды, біраздан соң есін жиып басын көтерсе, алдында омырауынан қаны тамып тұрған киікті көріп, өзін сол киікке теңеп айтқандағы оқиғасы ! Рахмет 🤗🙆🏻♂️🥲