Қалам қасқа сен айтсаң сенем деді
- 0
- 0
Қалам қасқа сен айтсаң сенем деді,
сен жұмсасаң сөз байғұс көнем деді.
Сенейін бе мен саған, көнейін бе,
қайда апара жатырсың, өлең мені?
Бұл бетте «Соңғы қоңырау» атты Жандос Дәулет Жандосұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қалам қасқа сен айтсаң сенем деді,
сен жұмсасаң сөз байғұс көнем деді.
Сенейін бе мен саған, көнейін бе,
қайда апара жатырсың, өлең мені?
Келіп қалдың кимелеп, киіз боп бұлт,
бір-біріңді түртіңдер — мүйіз боп түрт.
Түрткілеңдер біріңді-бірің бұлттар,
бір-біріңді осылай мүйіздеп құрт.
Жүректегі азын-аулақ қазынадан
Жылт еткенді жыр етем, жазып алам.
Жырымды жазып алған қазынадан
Желге айдап қоя бердім азынаған.
Табиғат мінезді етіп берсе тілді,
ойлап ем мінезді өлең көрсетуді.
Жақындап кетіп едің — бұрқ еттім мен
талайдан жан баспаған жол секілді.
Қажыдым-ау күнбе-күн жұмыстан-ақ,
Кісі емес,
мен бүгінде құмырсқа нақ.
Қыздар сыңғырлап күліп...
Жанатұғын жан құсап бүгін бағың,
Қол ұсынсаң — ерінің діріл қағып,
аға боп мен бір ақыл айтады деп,
қарындас келіп тұрсың жырыңды алып.
Нағима
Бұл өлең маған ұнамады
Камила
Керемет! )
ДІЛДƏБЕК АЯЖАН
Маған ұнамады
Камила
Керемет өлең маған ұнады.
Гүлназ
Маған ұнады!
Қымбат
Маған қатты ұнады
Қымбат
Маған бұл өлең ұнады
Райгуль
Өте керемет
Ерұлан 9 кл
Маған дым ұнамад
Ұйқас жоқ үш жолдан ба ұйқасқа түспеген
Myrza
Өте керемет