Сара әпкеме – Гүлсана Тілеубекова

Бұл бетте «Сара әпкеме» атты Гүлсана Тілеубекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.05.2016
  • 0
  • 0
  • 3616
Мінезі ашық болған соң қарапайым,
Жақсы көрем әпкемді Сарадайын.
Шәкірттерге білім, білік беремін деп,
Құрақ ұшып жүргені баладайын.

Географиядан балаларға дәріс беріп,
Қадамыңыз болсыншы әр істе нық.
Қиналып қаншама істе жүрсеңіз де,
Мерейіңізді өсірсін табыс-келіп.

Әпкешім, әпкетайым,ақпейілің,
Жанарыңнан төгілер тек мейірім.
Мақтаны бола бергін әрдайымда,
Сенім артқан өзіңе мына еліңнің.

Шәкірттерің сыралғы сыр шертердей,
Ұстаздан үлгі алған ғой мына өзіңдей.
Ақылшысы, қорғаны тек өзіңсің,
Білімді еге білген шәкірттерге.

Ал,есен сау жүргейсің,әпкетайым,
Өзіңе шын жүректен жыр арнадым.
Жалғанның өмір атты өзенінде,
Қиналмағын, әпкетай қиналмағын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері