Өзің бе, әсем – Медеу Демеу

Бұл бетте «Өзің бе, әсем» атты Медеу Демеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.05.2016
  • 0
  • 0
  • 3619
Жаның да әсем, жаным-ау, әнің де әсем,
Жырларымның жүресің бәрінде сен.
Дауысың мен өзіңді күтем күнде,
Шын сүймесем егер де сағынбас ем.

Сағынбас ем, мен сені сағынбас ем,
Даусың сенің мен үшін лағыл да әсем.
Өзің үшін өлімге барамын мен,
Тастасаң да толқынды ағынға сел.

Өзің салған сол әннің ырғағыннан,
Ой-санамды ойнақы жырға бұрам.
Жүрегім де, жырым да сен боласың,
Құласам да қайғы-мұң шыңдарынан.

Өзім бе едің, әлде сен сөзім бе едің,
Бір сені ойлап қанша күн көз ілмедім.
Жабырқаған жаныма жазын сыйлар,
Бақытым да, бағым да өзің бе едің?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері