Сенің даусың естілді мені іздеген
Бұл бетте «Сенің даусың естілді мені іздеген» атты Медеу Демеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Салмақ тастап салқындау сезімге ерен,
Телефоным тынбайды безілдеген.
Трубканы алып ем ар жағынан,
Сенің даусың естілді мені іздеген.
Сенің даусың естілді сыр ақтарып,
Мен отырмын сен мүлдем ұнап қалып.
Білесің бе, әр сөзің жүрек тербеп,
Мені әкетіп барады жыраққа алып.
Сенің даусың естілді, көңілдендім,
Кетті бір сәт ыдырап көңілден мұң.
Тыңдасам мен тыңдайын тек өзіңді,
Даусын қайтем пір тұтып көрінгеннің.
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі