Телефоным бүгін де шырылдады – Медеу Демеу

Бұл бетте «Телефоным бүгін де шырылдады» атты Медеу Демеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.05.2016
  • 0
  • 0
  • 3259
Шыға жаздап шырылдап шыбын жаны,
Телефоным оқыстан шырылдады.
Жүгіріп кеп көтердім трубканы,
Сен емессің. Қайнады зығырданым.

Өкпелісің. Болды осы ұғынғаным,
Қайран көңіл сәл-ақ тұр жығылғалы.
Шырылдаса жүгірем сен екен деп,
Жалған үміт екен ғой мұның бәрі.

Сәл тыныстап ол тағы шыр етеді,
Шыр етеді. Көңілім дір етеді.
Ұмыттың ба? Ар жақта бөтен дауыс,
Кешке дейін осылай күн өтеді.

Демегейсің мұңсызсың, масаңдаусың,
Үнсіздігің көлгірсу, жасанды-ау шын.
Күнде күтіп жүрмін мен алаңдаумен,
Енді қашан естілер әсем даусың?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері