Кім ұрлады сендегі қуанышты – Медеу Демеу

Бұл бетте «Кім ұрлады сендегі қуанышты» атты Медеу Демеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.05.2016
  • 0
  • 0
  • 2953
Алды артын ойламайтын алаңғасар,
Мен де саған болдым ба,адам нашар.
Өкпелетіп алдым ба, өкіндім мен,
Жолын таппай қалай бір хабарласар.

Өкпелеме, өтінем, өкпелеме,
Мұндай сәттер өмірде көп келе ме?
Жанарыңа қарасам сұқтанып ем,
Өтінемін, оны да текке деме.

Жанарыңнан мұңыңды анық көрем,
Сұлу бейнең бөлейді шабытқа ерен.
Кім ұрлаған, сендегі қуанышты,
Кім болсада қайтарып алып берем.

Алдымды орап жігіттер епті кейбір,
Қуанышсыз, қызықсыз өтті кей күн.
Не десең де, жаным-ау, бұл ғаламда,
Бақытты болса өзіңді деп тілеймін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері