Бәрін саған беремін
Бұл бетте «Бәрін саған беремін» атты Медеу Демеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көп түндерді өзіңсіз жаным жылап,
Сағыныштан атырдым ағын құрап.
Апта өтсе де арада бар болғаны,
Сағындым-ақ, мен сені, сағындым-ақ.
Мезі еткенде жалғыздық, бірегей күн,
Жырлар жазу үшін көп түрегеймін.
Көп қой мұнда қыздар да, бірақ білсең,
Сенен басқа бақытты тілемеймін.
Болдың талай басымнан сипағандай,
Отырғанда шабыттан күй таралмай.
Көзімді ілмей қарсы алдым таңды мұңда,
Ұрлап сені бұл менен ұйқы алардай.
Сенгенім сен, сүйгенім бұл өмірде,
Арман-үміт, аңсарым, тілегім де.
Тек өзіңе беремін жомарттықпен,
Болса титтей жақсылық жүрегімде.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі