Бұл бетте «Қолыңды ұсын» атты Медеу Демеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бағым ба едің, әлде сен, сорымбысың.
Баққа барар баспалдақ, жолымбысың?
Бәлкім мені мазалап жүр шығарсың,
Сонда дағы, қалқам-ау, қолыңды ұсын.
Қолыңды ұсын, қалаймын соныңды шын.
Бір көтеріп секемшіл көңілді шын,
Жырлар жазсам сен жайлы, Отан жайлы.
Оның бәрі, қарағым –ау, сенің күшің.
Жігітпін ғой жолдастық жолын білер.
Сені сырттай қызғыштай қорып жүрер,
Өзгерсе өмір өзгерер бұл қалпынан.
Мен өзгермен, сондықтан, қолыңды бер.
Бақ пен байлық, думанға, артыққа асық,
Жігіт емен жүрген бір шалқып басып.
Қамшының сабындай-ақ ғұмыр ғой бұл,
Өтейікші өмірден қолтықтасып.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі