Жоғалтып алғандаймын бірдемені –
Медеу Демеу
Бұл бетте «Жоғалтып алғандаймын бірдемені» атты Медеу Демеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Телефоны құрғыры үндемеді,
Қуантатын шырылдап күнде мені.
Жұмысым да өнбейді осы күні,
Жоғалтып алғандаймын бірдемені.
Үндемеді, әйтеуір, үндемеді.
Ұмытып кетті ме екен, мүлде мені?
Сәтті күндер біртіндеп сарғыш тартып,
Ұлғаюда көңілдің мұң желегі.
Тағдыр ма бұл, тұрақсыз, ойнамалы,
Үміттімін бір болар тойдан әлі.
Бір сарынды жырлардан жалықты ма,
Әлде, мүмкін, шынымен ойламады.
Көңілді боп жүрмейді жанның бәрі,
Қуанышты бар тағы, бар мұңдары.
Тілерім тек тыныштық болғай да бұл,
Бұрқап соғар дауылдың алдындағы.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі