Айым сенсіз күн кешу қиын маған

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 08.05.2016
  • 0
  • 3
  • 10557
Мен болайын мейлі бақ бұйырмаған,
Мейлі тағдыр тартпасын сыйын маған.
Бәріне де төземін тек бірақ та,
Айым сенсіз күн кешу қиын маған.

Мен сен үшін төземін бәріне де,
Сенсіз маған өмірдің мәні неде?
Жандар аз ба, өзіңді мазалап тек,
Түсіп жүрген құр босқа әуреге.

Жоқ, олардың бола алман бірі де мен,
Онда өзімді санаман тіріге мен.
Уайым бассын, мұң бассын бұл кеудемді,
Енді өзіңнен айрылман тірі де мен.

Кездессем деп өзіңмен кетті арман,
Сенің даусың бәрін де жеткізе алған.
Қызғанбайды дегеннің бәрі бекер,
Бір күнді де мен сенсіз өткізе алман.

Ақын жолы азапты жол білемін,
Күдер үзген шағым да болды менің.
Бірақ өзің ғайыптан келдің-дағы,
Көкірегіме шумақ боп мөлдіредің.

Ұшқындатып соға алсам көрігіңді,
Босқа өткіздім дей алман өмірімді.
Жарқын, ашық, жұмсақ сол дауысыңмен,
Жоғалтпасаң болғаны сеніміңді.


Пікірлер (3)

Айым

Өтініш мен туралы өлең жолдарын шығарып беріңіздерші!!!

Нұрасыл

Жақсы

Нұрасыл

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айым сенсіз күн кешу қиын маған өлеңінің авторы кім?

Медеу Демеу — осы өлеңнің авторы.

Айым сенсіз күн кешу қиын маған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Айым сенсіз күн кешу қиын маған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Медеу Демеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айым сенсіз күн кешу қиын маған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері