Сүйеді жүрек тек сені –
Медеу Демеу
Бұл бетте «Сүйеді жүрек тек сені» атты Медеу Демеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен мені түсінбедің,
Қазандай бір қайнайды ішімде мұң.
Бірақ, мені ұмыта алмайсың сен,
Біткенше күшің-демің.
Сен мені ұқпадың да,
Өзге жанның кеткен соң ықпалында.
Білесің бе, жаным-ау, сүю атты,
Қарсы жүзе алмадың мықты ағынға.
Сен мені қорсынасың,
Десем-дағы өзіңді «жансың асыл».
Күні ертең-ақ келесің маған қайтып,
Тастап кетсе бір күні «қарсыласым».
Сен мені елемейсің,
Азап шегіп мен үшін көрсін дейсің.
Өзгелермен сүйісіп таң атқанша,
Жеңер болса жырымен жеңсін дейсің.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі