Май айы
Бұл бетте «Май айы» атты Медеу Демеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жанымда кейде мұң да бар,
Жүрмейтін кейде тасып көп.
Айтарым осы тыңдап ал,
Сендерге өтем ғашық боп.
Май таңы атты арайлап,
Тыныштық тілеп әр күннен.
Май менен саған қарайлап,
Өтермін мәңгі,бәлкім мен.
Жүректі ерек тербейді,
Ақын-ау, айтшы, қайда өлең?
Жанардың оты сөнбейтін,
Ғашық қып мені қойды ерен.
Қанаттай қатар бірлесіп,
Парадқа жүрші шығайық.
Жүректер жатса үндесіп,
Етер-ау дейсің, кім айып.
Қашанда жаның ұқтырсын,
Сырларды жұмбақ беймәлім.
Биыл да бізге құт қылсын,
Махаббат-майдың мейрамын.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі