Бұл бетте «Қауыштық-ау ақыры» атты Медеу Демеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өзің жақтан естимін теңіз демін,
Шалғыннан да таппадым,жоқ іздерің.
Жылы жақтан оралған жыл құсының,
Жанарынан аяулым, сені іздедім.
Көз алдымда сол күндер тұрады әлі,
Талайды ұқтым сен маған ұнағалы.
Кей бір қызың қылмысып күлгенінен,
Кей бір қызың әдемі жылағаны.
Жанымдасың,жасқаншақ ырым бітті,
Саған жазған шықса екен жырым мықты.
Сенен көрем таусылмас сезімдерді,
Сенен көрем тағы да сұлулықты.
Таптым ақыр, мен сені жолықтырдым,
Құшағыма қуаныш болып кіргің.
Сұлу емес, шын сұлу, сүйген сұлу,
Мұның мәнін ақыры сен ұқтырдың.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі