Жігерлендіру
Бұл бетте «Жігерлендіру» атты Мұхтар Шаханов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап
Сен жыладың, жігітім,
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым.
Сен жыладың,
Сезімің жасып ағып,
Кіп-кішкентай балаңды қасына алып.
Қырмызы күнім өтті деп.
Сенгенім сатып кетті деп.
Сен жыладың:
Аңғармай қалдым орды деп,
Қадамым сәтсіз болды деп,
Бір қатты соққы алдым деп,
Бақытсыз болып қалдым деп.
Сен жыладың,:
Мен бірақ селт етпедім,
Білем сені тағдырдың ерке еткенін,
Білем сені - өр көңіл, жомарт едің,
Енді бүгін... қалай бұл кер кеткенің?
Жә, жә, жарар,
Өткен күн оралар ма,
Қарау керек, бауырым, саған алға.
Басындағы бөрік пе,
Орамал ма?
Бөрік болса, ауыс тез басқа күйге,
Көз жасыңды көрсетпе жас сәбиге.
Көз жасыңды көрсетпе, сұранамын,
Әй, әй, жігіт, сен маған ұнамадың.
Жас нәресте көруге тиісті емес,
Әкесінің еңкілдеп жылағанын,
Әкесінің тым күйреп құлағанын.
Ерлік пенен ездіктің жолы қатар
Екеуінің арасы бір-ақ адым.
Көз жасыңды көрсетпе, сұранамын.
Көтер, кәне, басыңды, қалай бұның,
Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?
Көтер, кәне, басыңды,
Күніңді босқа өткізіп пе едің,
Тағдырың неге сыр айтты сараң?
Өмірдің барлық сәтсіздіктерін
Бақытсыздық деп кім айтты саған?
Кім айтты саған:
Тұлпарды сүрінбейді деп,
Асауды мінілмейді деп,
Ақкөйлекті кірлемейді деп,
Қара ешкі мүжіген ағаш
Қайтадан гүлдемейді деп?
Кім айтты саған:
Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп,
Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп,
Биікті ардақтайды деп,
Асылды қорлатпайды деп...
Тоқырау білмес айбыны
Адалдық деген - әлемнің ұлы байлығы.
Бетіне жиған ұятты
Әйтсе де, кейде ол кінәмшіл бала сияқты.
Тірлікте осы баланы
Өкпелететіндер бар да,
Жұбататындар бар.
Жек көретіндер бар да,
Ұнататындар бар.
Арын сатып қорлайтындар бар да,
Жанын сап қорғайтындар бар.
Қиналып бекер алаңдадың-ау,
Ойынды шығар өріске.
Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау
Жеңудің бәрі жеңіс пе?
Жігітке арман жеткізіп пе еді
Өз сорын өзі жеңбесе.
Өмірдің барлық сәтсіздіктері
Бақытсыздық емес, ендеше!
жігерлендіруді бөліп тастапсыз толық емес
Керемет олен Керемет магынасы осындай акындарымыздын ойлары урпакдарга дарысын
Сондай керемет өлең
Тамаша өлеңдер. Мұхтар ағаға рахмет.Ташкент облысы Шыршық қаласы.
Тамаша өлеңдер.Маған өатты ұнады.
Өте керемет өлең
Магынасы зор өлен шумактары,мыкты
Өте кеееремет
Адем жазылган олен
Керемет өлең!
Керемет өмірдің бар мағынасы мен мәні суреттелген өлеңдер
Өте керемет өлең
Бұл өлеңнің толық нұсқасы емес.Кейбір жолдарын тастап кетіпсіз.
Өлеңдері жақсы. Маған тайап қалады екен.
'Кім айтты сага' боп қалыпты бир жеринде
Мұхтар Шахановтың Жігерлендіру өлеңі супер
Толық нұсқа! рахмет!
Олен керемет екен. быз быр болыгын тындап жур екенбызгой толык нускасы керемет екен.
Өте керемет өлең екен жүрекке жететіндей жазыпты Мұхтар Шаханов ағамызға рахмет
«Жігерлендіру» — Мұхтар Шахановтың жүрекке жылы тиетін, қиын сәтте рух беретін өлеңі. Шығарма ішкі күш пен табандылықты ойға салады, сөздері шынайы сезім тудырады. Осындай шабыт беретін өлеңдерді bilim‑all.kz сайтынан оқу оқырманға рухани азық береді.
Өлеңде ақын адамның сезімдерін, сәтсіздіктерді жеңу жолын және табандылықты шынайы әрі көркем тілмен жеткізеді. Бұл туынды — қалтқысыз қайғыны жеңуге, жүректегі күмәнді жеңіп жігерлі болуға шабыт беретін поэзия!
ОТТЕ КЕРЕМЕТ МЫКТЫ СОЗ ЖОК
Өлең жолдары көркем әрі үйлесімді болғандықтан, оқи отырып ерекше әсер аласың. Осындай қазақша көркем өлеңдер мен мағыналы поэзия қазақ әдебиетінің байлығын көрсетеді.
Мұхтар Шахановтың «Жігерлендіру» өлеңі — рухты көтеретін, адам бойына сенім мен шабыт сыйлайтын сөздерге толы әсерлі шығарма.
Өзіме керемет әсер берді
Мұхтар Шахановтың «Жігерлендіру» өлеңін оқып шығып, жүрегім толқып кетті! 🔥
Өте күшті, рух беретін өлең. Өмірде қиындыққа тап болған, жылап жүрген жігітке айтылған нағыз ер адамның сөзі. «Өмірдің барлық сәтсіздіктері бақытсыздық емес» деген жолдары әсіресе жүрекке жетті.
Қазір осындай мотивациялық өлеңдер өте қажет. Мұхтар ағаға үлкен рахмет! Бұл өлеңді әрбір жігітке, әрбір жасқа оқытқың келеді.
Қазақ әдебиетіндегі ең мықты жігерлендіретін өлеңдердің бірі деп ойлаймын. Көңіл-күйің түсіп тұрса, міндетті түрде оқып шығыңыздар! ❤️
Мұхтар Шахановтың «Жігерлендіру» өлеңі — нағыз мотивация беретін, рухты көтеретін қазақша өлеңдердің бірі. Бұл жігерлендіру өлеңі, мотивациялық өлең, қазақша мотивация іздегендерге өте пайдалы, себебі өмірдегі қиындықтарды жеңу, өз-өзіңді табу туралы терең ой айтады. Осындай қазақша өлеңдер, рух беретін өлеңдер, жігер беретін мәтіндер әр адамға керек, әсіресе көңіл-күй түскен кезде.
Өте адемі екен күшті болып жазган деп менда мұхтар атамыз сияакты болгым келеді
Өте адемі болып шыкан
Басында окып бастаганда оте адемы екенын блдм.Сондай керемет олен.Сен жыладын жыгытым деп турып.Міне сол агамыз кайтыс болды.Жаны жаннатык болсын.Кабырде олендеры сиякты тыныш болсын.
Мухтар Шахановтың бастамасымен
Мұқтар ағамыздың жатқан жері жайлы болсын, жаны жәннатта болсын. Әрине, осындай перзентінен айырылып отыр қазақ халқы, қазақ даласы. Әр шығармасы, терең ойлы. Жігерлендіру өлеңі де керемет, шынымен адамның алға ұмтылуына септігін тигізетін мәтін. Өзі оқығанда, тіптен рух береді адамға. Талант, дарын, 1000 жылда бір туатын тұлға. Сонымен қатар, өте қарапайым өмір сүрген, бұның өзі де бұл кісінің биіктігі. Қазіргі танымал әншілерді айтам не дарақылық, миллиондап такса қойып алып, халықтың тойымен байып, соны шашып, ішкен жегендерін көрсетіп әлек. Ал, бұл заманның адамдары АДАМ едіғой. Өз Әкемнен білемін, әкемнің замандасығой. Бұлар бөлекқой. Әрбір Әкемнің замандасы өткен сайын, сол дәуірдің келмеске кетіп бара жатқаның сезінемін.
Бүл күті ән екен бірақ мен бұны қалай 3 күплет ке бөлем
Наушабай Алихан Азаматұлы 2011.01.31 Орал қаласы Жәнібек ауданы КСШ мектебі 9”Б” сынып оқушысы осы өлеңді жаттап келді
Маған өте қатты ұнады қазір апки ге айтып берем
Өте әсерлі.күшті жазған аға,атамызға рахмет айтам .ол кісіде дәл жолды таңдап ақын болуды емес,қиын жолды яғни күресті таңдап атақты ақын болды.жаны жәннәтта болсын,жатқан жері жәйлі болсын.🤲
Мұхтар шаханов тың өлеңдері ерекше ұнайды әсіресе осы өлеңі
Мұхтар шаханов тың өлеңдері ерекше ұнайды әсіресе осы өлеңі
Махаббат барма бұл өмірде
Өлеңнің атының өзі адамға күш береді екен. Мұхтар Шаханов жігер мен қайратты өте жақсы жеткізген, оқыған сайын мотивация аласың.
Кушты
керемет әдемі мағыналы ❤️
Өте керемет барлығын жаттап алдым
Мынадан кейін қандай жігіт өмірден түңіледі
Өте әдемі , өте әсерлі
Қәзір көтін айырам