Бұл бетте «Наурыз парасаты» атты Мұхтар Шаханов жазған мерекеге арналған өлең берілген.
Айналаңнан жаңа көктем лебі ескен,
Бұл кезеңде күн менен түн теңескен.
Сан ғасырлық ата-баба салтына
Көпір болған Наурыз өзің емес пе ең?!
Қайырмасы:
Таулы, таусыз жерімнің,
Өзен, теңіз көлімнің
Жаса ұлы Наурызы
Жаңа жылы елімнің, а-а-а.
Қуат жиса пәктігің,
Асқақтайды шоқтығың.
Тамыр алмай тарихтан
Мазмұнданбас шаттығың, а-а-а.
Жүріп жатыр ерлік, ездік жарысы,
Наурыз нағыз сәулелі ойлар қонысы.
Наурыз сайын ағаш егу, гүл егу
Әр адамның табиғаттық борышы.
Қайрымасы.
Наурыз парқы - өз санаңды өсіру,
Пенделікті ізгілікке көшіру.
Өткен жылы өкпелесең біреуге
Сол өкпеңді дархандықпен кешіру.
Қайырмасы.
Айару
Маган унады
Марат
Мұхтар Шахановтың «Наурыз парасаты» өлеңі – Наурыз мейрамының терең философиялық мәнін ашатын әсерлі шығарма. Ақын көктемнің келуін, күн мен түннің теңелуін және ата-бабадан қалған салт-дәстүрдің жалғасын ерекше көркем тілмен жеткізеді.