Махаббаттың жазылмаған заңы
Бұл бетте «Махаббаттың жазылмаған заңы» атты Мұхтар Шаханов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жол бұралаң, сезім тура, oй тура,
Жол түскен соң болмас кейін қайтуға.
Сүйген адам сезімі үшін бақытты,
Болмайды оны бақытсыз деп айтуға.
Бұл жайлы көп мұңдаудың не орны бар,
Жандар да бар пәк сезімді қор қылар.
Махаббатты үйлену деп ойлайды
Құдіреттің құнын білмес сорлылар.
Аз ба өмірде жылап жүріп күлгендер,
Құр күлкінің қасіретін білгендер.
Ойлашы өзің, аз ба мынау әлемде
Сүймей, сенбей тағдыр қосып жүргендер.
Өмір солай, күйзеліс көп, жұлқыс көп,
Болсын, мейлі, дінің түзу, тұрмыс тоқ,
Сүймей, сенбей тағдыр қоссаң біреумен,
Махаббатта бұдан асқан қылмыс жоқ.
Алла разы болсын кокемизге. Олендеринде бир танине кирип кететин дирил тудыратын акындыкты Мукагали атамыз бен Мухтар кокемизден гана табамын да. Кози тирисинде рахметимизди жаудырамыз, аман журиниз, рахмет сизге АРЫС АКЫНЫ.
Оқысаң оқи берегің келдеді, барлық өлеңдері тамаша, деніңіз сау болып, аман жүріңіз аға!!!
Махаббатты үйлену деп ойлайды Құдіреттің құнын білмес сорлылар... дегені түсіндім, бірақ "сүйемей сенбей тағдыр қоссаң біреумен, махаббат та бұдан асқан қылмыс жоқ" дегені алдыңғы айтылғанға қарсы емес па түсінбей жатырмын
Ариптеринде кате бар, туырлап тусинип алындар, "коссан емес негизи косса" сол сиякты
Мадияр, ол жерін Мұқаңнан сұрарсың енді
Күн батқанша отырдым шың басында,қарап тұрдым жаңа айдың тұлғасына,осы өлеңді табуға көмектесіңіздерші
Мұхтар ағамыз жазған өлеңдері тек шындықты ғана емес оқып жатып қай тақырыбы болса да жүректен алады.
Мұхтар ағамыздың қай тақырыбы болса жүректен алады.
Мұхтар Шахановтың «Махаббаттың жазылмаған заңы» өлеңін оқып шығып, шынайы сезім мен терең ойдың қандай болатынын ерекше түсіндім. Өлең мазмұны адам жүрегіне тікелей әсер етеді: сүйіспеншілік пен сенімнің құндылығы, тағдырды бірге бөлісу дегеннің мағынасы осында айқын бейнеленген.
Автор махаббатты «үйленумен ғана өлшенбейтін ұлы сезім» деп көрсеткен — бұл оқырманға тек сөз ғана емес, ақиқат өмірлік философия береді.
Әсіресе:
“Сүймей, сенбей тағдыр қоссаң біреумен,
Махаббатта бұдан асқан қылмыс жоқ”
— деген жолдар адамға махаббаттың шынайы табиғатын ойландырады және оқыған сайын жүректе қалың толғаныс тудырады.
Осы өлеңді көп адамдармен бөліскім келеді — әсіресе шынайы сезім мен адалдықты бағалайтын достарыма. Мұндай туынды кез келген жүректі тербейтін күшке ие!
Мұхтар Шаханов кемеңгер
Керемет недеген өлеңдер әр шұмағында бір мағына бар керемет ✊🏻👏🏻
«Махаббаттың жазылмаған заңы» өлеңі махаббаттың шынайы мәнін өте терең жеткізеді.
Автор махаббатты жай сезім емес, үлкен жауапкершілік пен сенім деп көрсетеді. Әсіресе сүймей қосылу – ең үлкен қателік екенін ашық айтады, бұл ой кез келген адамды ойландырады
Мағыналы, жүрекке тікелей жететін әсерлі қазақша өлең.
Сіз өтее күшті жансыз сіздей адамлар коп болсын сіз бізге тәуелсіздік егемендік әкелдініз