Отырар кітапханасы
Бұл бетте «Отырар кітапханасы» атты Мұхтар Шаханов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тек қарынның байлығына сенген елдiң соры бар,
Көне тарих сабақтары бiзге мойын бұрғандай.
Отырарды ғаламда жоқ жазба кiтап қоры бар,
Өткен заман елестерi әлi қоршап тұрғандай.
Қайырмасы:
Көзсiз зорлық ғасырынан,
Надандықтың тасырынан,
Жер астына жасырылған
Дара тұлға бабалардың ұшқыр ойы, санасы.
Ұяттыны толғандырған,
Қанаттыны заңғар қылған,
Күллi әлемдi таң қалдырған,
Рухыңмен қолда бiздi
Отырардың ұлы кiтапханасы!
Өмiрiмiз күнде күрес, қайшылығы тiптен көп,
Неге төмен қиратқыштан мейiрбанның атағы?
Шыңғыс ханның iзгiлiкке шабуылы бiткен жоқ,
Зұлымдықты мадақтау да зұлымдыққа жатады.
Қайда барсаң жеке мүдде жеңiсi үшiн алқыну,
Таптыра ма құмға сiңген зор парасат дастаны?
Басты мақсат - Фарабилер биiгiне талпыну,
Рухы жоқ бiлiмдiден қоғам шаршай бастады.
Өте керемет!
Осы өлеңді қара сөзге айналдыра аласыздар ма?
Иә айналдыра аламын. 5000 тг
Осы туралы қара сөздер жоқ па ?
Осы өлеңді кім қара сөзге айналдыра алады
5000тг неге қымбат
қара сөзге айналдырып берініздерші өтінем
Неге 5000 тг???
Не деген керемет
Отырарда кітапханасы М.Шахановтың өлеңін қара сөзге айналдырыңышы
Жақсв
Жақсы
Жақсы екен керемет
Жақсы көшті осыны жатғанымын үшін 1орын алдым