Келе жатам әрі мұңды, әрі асқақ - сезсең мені –
Фариза Оңғарсынова
Бұл бетте «Келе жатам әрі мұңды, әрі асқақ - сезсең мені» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Келе жатам
әрі мұңды, әрі асқақ - сезсең мені,
елемей еш пендені,
көлгірсіген шуылдақ жұрттың бәрін
қойдай көріп жайылған тепсеңдегі.
Қалған сәтте кездейсоқ ұшырасып
бозарып түсі қашып,
қипалақтап қалады бейшаралар,
менің адалдығымның пысы басып.
Ай жерге құлағандай
аузын жимай қарайды бәрі маған
(дей ме әлде "жарым" адам?!).
Өйткені олар ешқашан ғұмырында
шыншылдыққа, шындыққа жарымаған.
Сиректеу құбылысқа
көзі үйреніп көрмеген дарқан халық
үрпиісіп қарайды сәл таңданып.
.. .Тек өзіңнің алдында (сенің ғана!)
балаға ұқсап қаламын жаутаң қағып.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі