Өлең, жыр, ақындар

Әке туралы ой

  • 15.07.2016
  • 0
  • 8
  • 43287
1
Бесікте жаттым
уілдеп, сол бір
сұрапыл соғыс
күндерде,
қан кешіп біздің
әкелер сонау
батыста жырақ
жүргенде.
"Жан
папа" деген бір ауыз сөзді айта алмай
қалғандар көп
қой, бір мен бе?..
Жиырмада,
қыздар, жайқалған гүлдей
көз тартып бейне
жанасың,
сол жиырма жаста
құшақтап мені
қалыпты жалғыз
анашым.
Тұңғышым деген мына мен шіркін
кенжесі де боп
қалыппын,
жаза алмай жүрек
жарасын.
Үмітпен әр кез
алданушы едім
Келер деп менің
папам да
(балалық жүрек
сезбеді оның
кеткенін мәңгі сапарға).
Өсірді мені сол
ана гүлдей мәпелеп,
ержеттім, тұрдым қатарда.
Бақытты балғын
сәбилер бүгін
жетелеп жүрсе
әкесін,
қызыға қарап,
күрсіне қарап,
жанынан үнсіз
өтесің.
Еркелік көрмей,
мейірім нұрын
аңсаған көңіл
мың толқып,
елжіреп кетеді
екенсің...

2
Оралмай кетті
әкелер біздің
сонау бір ұзақ сапардан,
бейуақыт сөнді
албырт жүрек пен
алаулап тұрған от арман.
Әкенің жүзін
көңілге түймей,
бесікте ғана
қалыппыз,
жаутаңдап ұзақ есікке қарап
өткен күндерге
қанықпыз,
Жұмыстан апам келетін дәйім
жанарына нүр
тұндырып,
сәби жаныма дақ
салмау үшін
әдейі екен-ау бұл қылық.
"Жеңіспен
папаң оралар ертең",-
дейтін ол бізді
қуантып,
үмітсіз, үнсіз
жүруден, достар,
күту дегенің мың
артық.
Жеттік-ау бір
күн жеңіске біз де,
тойлады бүкіл
халқымыз,
жеңістің күйі -
ерліктің күйі
даланы кернеп
шалқыды.
Алаулап тулар,
алқызыл тулар,
жарқылдап жеңіс
жұлдызы,
жан әкем бірақ
оралмай кетті,
көре алмай кетті
ұл-қызын.
Біз жүрміз бүгін
шым-шытыр жолын
қуалап үлкен
өмірдің,
аялы сол бір
алақанды аңсап,
солады кейде
көңіл-гүл.
Аландардағы
алаулы туды
көрген сәттерде
тоқталам:
әкемнің, сірә,
мен үшін төккен
қаны емес пе
екен деп қалам.



Пікірлер (8)

Жаркын Аманкелды

өте керемет

ТЕМІР ƏСЕЛ

Тамаша

Рауа

күшті екен,

Alexsandr Makedonski

Жазады ол, Жаттаймын мен

Жасұлан

өте керемет жазылған

Жасұлан

ӨТЕ керемет шығарған

Myrza

Өте керемет

Аян

мықты

Пікір қалдырыңыз

Тың жер ұқсап торғынға

  • 0
  • 0

Тың жер ұқсап торғынға
таңғы шуақ күш құйды.
Түнгі алаудың орнында
көкшіл түтін бықсиды.

Толық

Мен өзімнің жауларымды өле қал деп ешқашан қарғамаймын

  • 0
  • 1

Мен өзімнің жауларымды өле қал деп ешқашан қарғамаймын,
Не өксітіп кетсін деп армандаймын.
Қайғы болсын дер едім жан ашығыш, ойшылдау боп кетесің барда қайғың.

Толық

Баянауыл, Баянтау...

  • 0
  • 0

Киелі өлке, құтты аймақ,
көлбеген маңғаз таулары
басына әппақ бұлт байлап,
көркімен жанды баурады.

Толық

Қарап көріңіз