Қоштасарда – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қоштасарда» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2016
  • 0
  • 1
  • 20005
Қоштасу кезі келгенде
жаутаңдап маған қарадың.
"Жүрмейсің бірге сен неге?"
Дегендей болды жанарың.
Елжіреп тұрды жас жүрек,
жеңе алмай күшін сезімнің.
Кеудеме жалын түсті кеп
жаныңдай ыстық өзіңнің.
Перронға шықтың, қарадың,
тұрсың ба мені қия алмай?
Сыр ашпай қалай қаламын,
"сәулешім" дер ме ем ұялмай?!
Айта алмай қалдым. Жалынға
өртеніп кеудем тұрды-ау бір...
Қалды да қойды жанымда
жауғалы тұрған бір жаңбыр.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Каусара

Күшті рахмет

Осы автордың басқа өлеңдері