Бұл бетте «Тракторшы» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
27.04.2019
0
0
3801
Тракторшы тынбастан
Терең тартып соқасын,
Теңкереді
Жымдасқан
Тыңның қалың құйқасын.
Жұлдыздардан түнгі аспан
Тақса-дағы алқасын,
Тракторшы тынбастан
Тартады кеп соқасын.
Артта
Дымдап тараған
Табанына оралған
Трактордың жер аз ба!
Тың — даланың семізі,
Семіз түйе қомындай.
Тарам-тарам соқа ізі
Молшылықтың жолындай.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі