Неге осы мен елпілдеп қуанбаймын

Бұл бетте «Неге осы мен елпілдеп қуанбаймын» атты Фариза Оңғарсынова жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 21.07.2016
  • 0
  • 0
  • 11282
Неге осы мен елпілдеп қуанбаймын?
Ілінген бе мойныма тұмардай мұң?
Қайда барсам, сумаңдап шығады алдан
шұбарлана ысылдап жылан-қайғым.
Жоқ соншалық өкінер, жылар ісім,
мені де өмір басқадай сынады шын.
Өзгелердей менің де бір басыма
жеткілікті секілді қуанышым.
Ортақ жұртқа, маған да ғасыр пысық,
елден бөлек шалған жоқ шашымды шық.
Жерім аман, ел тыныш, тауым да асқақ,
жалғыз маған жатқан жоқ жасын түсіп.
Жарқылдамай, жанарым толар мұңға
тұтқын құстай тұрғам жоқ тор алдында.
Халқым қамсыз, жаны тоқ.
Тегі, осы мен
қанағатсыз бір байғұс болармын ба?
Бар сияқты менде де сана, шыдам,
жығылғанды демеуге тағы асығам.
Жасайын-ақ десем де бір астамдық,
қорқам ардың айбалта-жазасынан.
Лайық-ақ жандаймын күлімдеуге,
қуануға - түріммен, үніммен де.
Неге менің жүрегім тілінгендей
қараймын да күрсінем жұмыр жерге?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Неге осы мен елпілдеп қуанбаймын өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Неге осы мен елпілдеп қуанбаймын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Неге осы мен елпілдеп қуанбаймын өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Неге осы мен елпілдеп қуанбаймын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері