Өлең, жыр, ақындар

Агент-әуен

  • 21.07.2016
  • 0
  • 0
  • 2716
(Ш.Қалдаяқовтың "Сыр сұлуы" әнімен)

Mail-дан почта ашылушы еді,
Есімде пароль сөздері.
Бір ару соған асығушы еді
Нұр шашқан қара көздері.

Қ-сы:

Суретіңе миріңдегі
Кім қарап сүйінбеді.
Өзіңді көрген жандар айналсын.
Агентті бір қосайық,
Сезіммен сырласайық.
Қайран сол, агент аруы, қайдасың?

Жігіттің бәрі сол қызды мақтап,
Дружба соған жіберер.
Жаны да соның ақ бұлттай аппақ,
Сұлулық іште - біле бер.

Қ-сы:

Суретіңе миріңдегі
Кім қарап сүйінбеді.
Өзіңді көрген жандар айналсын.
Агентті бір қосайық,
Сезіммен сырласайық.
Қайран сол, агент аруы, қайдасың?


(С.Мұхамеджановтың "Қырманға кел, қалқатай" әнімен)


Бермей-ақ қой орамал кестелеген,
Сендей қызды онсыз да ескерер ем.
Жауабыңды блокқа жазып кетші,
Агентке шығамын кешке деген.

Қ-сы:

Сені көріп қуанып,
Қыз жаныңды ұғалық.
Қалаға кел, қалқатай,
Жұмысыңнан сұранып.

Махаббатсыз өмірдің бар ма мәні?
Сөздің жақсы айтылмай қалмағаны.
Хабар жазбай алыстан, қалаға кел,
Агенттен сәлемді жолда-дағы.

Қ-сы:

Сені көріп қуанып,
Қыз жаныңды ұғалық.
Қалаға кел, қалқатай,
Жұмысыңнан сұранып.


(М.Шахановтың "Гүлдәурен" әнімен)


Агенттің арнасында
Шалқып мөлдір сезімменен.
Сол бір айдың ортасында
Танысып ем өзіңменен.

Қ-сы:

Көңіл, шіркін, құлады да,
Сездім махаббатымды.
Агенттің блогына
Жаздым талай атыңды.

Мекенің де жырақ сенің,
Жаттығы жоқ қаланың да.
Суретіңде бірақ сенің
Мұң бар еді жанарыңда.

Қ-сы:

Көңіл, шіркін, құлады да,
Сездім махаббатымды.
Агенттің блогына
Жаздым талай атыңды.

Агент-көңіл арамызда,
Хаттар болып ұшады да.
Сапарлап қайт қаламызға
Мініп сезім ұшағына.

Қ-сы:

Көңіл, шіркін, құлады да,
Сездім махаббатымды.
Агенттің блогына
Жаздым талай атыңды.


(С.Мұхамеджановтың "Тербеледі тың дала" әнімен)


Агент бетін әсем әуен тербейді,
Қыздар мұнда жігіттерге сенбейді.
Ал жігіттер жүректері лүпілдеп
Көкірегін ғашық оты кернейді.

Қ-сы:

Агент беті - "Мой мир" қандай тамаша!
Екі ғашық хат жазысып сырласады оңаша.

Жүрек толқып, қыз ақыры сенеді,
Кездесуге келісімін береді.
Жолығатын жерді таңдар өздері,
Жігітке де осы еді ғой керегі.

Қ-сы:

Махаббаттың желпігендей самалы,
Блоктардың, блоктардың оты лаулап жанады.

Блоктардың оты лаулап жанады,
Жігіт қыздың көңілін шын табады.
Жігіт айтқан анекдотқа күлімдеп
Жадырайды бойжеткеннің қабағы.

Қ-сы:

Агент беті - "Мой мир" қандай тамаша!
Екі ғашық хат жазысып сырласады оңаша.


("Досмұқасанның" "Алматы түні" әуенімен)


Логиндер біткен жымыңдап,
Ән салып жатқан секілді.
Жүректен жүрек сыр ұрлап
Тамсанып жатқан секілді.

Қ-сы:

Агент түні, агент түні
Ұйқысын жұрттың ұрлады.
Агент түні, агент түні
Айтылар ғашық сырлары.

Жүрекке жүрек жақындап
Асық боп жатқан секілді.
Сырласқан жандар лапылдап
Ғашық боп жатқан секілді.

Қ-сы:

Агент түні, агент түні
Ұйқысын жұрттың ұрлады.
Агент түні, агент түні
Айтылар ғашық сырлары.


Қыз сөзі
("Су тасушы қыз" әнімен)


Агент жанымыздан, ей, табылады,
Жүрегім махаббатқа бағынады.
Қазақтың қарапайым бір қызымын,
Өмірден кездеспеген жарым әлі.

Қ-сы:

Хабар күтіп алыстан
Жігіттермен танысқам.
Тұрмыс құрар жастамын,
Сөздің ұғам астарын,
Хат жазыңдар, достарым.

Жанынан жамандардың, ей, табылмаймын,
Өзім де жат қылықпен танылмаймын.
Дружба жіберсеңдер, сері жігіт,
Ішінен таңдап-таңдап қабылдаймын.

Қ-сы:

Хабар күтіп алыстан
Жігіттермен танысқам.
Тұрмыс құрар жастамын,
Сөздің ұғам астарын,
Хат жазыңдар, достарым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Отыз жыл болды ұядан ұшқан күнге

  • 1
  • 2

Отыз дейтін шамшырағы тұр өрде,
Дегендей-ақ өткен жолды түгенде.
Кеше олар іні болып еді баршаға,
Өздері енді аға боп жүр біреуге.

Толық

Туған жер

  • 0
  • 2

Сенде есейіп, сенде артады ұғымым,
Сенде өткізген балалығым – ұлы күн.
Отан деген не десе егер, сен дер ем,
Кие қонған туған жерім, тұнығым!

Толық

Ибамен құйған шайына көпшілік берсе алғысын

  • 0
  • 2

Қашаннан елің, барша адам
Қалдыру ұрпақ аңсаған.
Орманды болса базбіреу,
Армандап өткен қанша жан.

Толық

Қарап көріңіз