Ғашық жар – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ғашық жар» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1437
Жалғанда қиын екен екі ғашық,
Екеуі сөйлеспесе мауқын басып, ай.
Ағаштай жапырақ жайған, сүйген сәулем,
Тұрса екен топ ішінде бетін басып, ай.

Қайырмасы:
Ғашық, жар, енді аман бол,
енді аман бол, ай.
Ахау, сәлем-ай, ғашық жар-ай,
Сәулем, ғашық жар, сүйгенім.
Екеуі сөйлеспесе мауқын басып,
басып-ай, ғашық жар.

Жан сәулем, айға бітсе, сендей көрік,
Дария тасып, тау балқыр тастар еріп.
Тамақтан үлбіреген бір иіскетсең,
Кетпей ме бойдан қуат, ойдан ерік.

Қайырмасы:
Ғашық, жар, енді аман бол,
енді аман бол, ай.
Ахау, сәлем-ай, ғашық жар-ай,
Сәулем, ғашық жар, сүйгенім.
Екеуі сөйлеспесе мауқын басып,
басып-ай, ғашық жар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері