Мен өлмеймін – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мен өлмеймін» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1887
(аударма)

Мен өлмеймін,
Жанартау боп жүрегім атқылайды,
Қаным мөлдір бұлақ боп шапқылайды.
Халқымменен бір жүрсем шаттанамын,
Жауға қарсы найза алып аттанамын.
Жауыздық көп жерде әлі,
Жатыр адал гректер дарға асылып,
Жапон жерін тұр тағы қан жасырып.
Чилидегі басшылар ардан безіп,
Отыр бүгін жазықсыз жандарды езіп.
Мен өлмеймін сондықтан
Әнімменен қаламын, жырымменен.
Жүрегімнің еліме гүлін берем.
Күтіп жүрген адам көп жырларымды,
Күтеді олар сөнбейтін бір жалынды.

ПАБЛО НЕРУДА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері