Өлең, жыр, ақындар

Көкшетаудың қаласы

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1045
Көкшетаудың қаласы мен даласы,
Қопа көлдің құмқайрақты жағасы;
Бала күнде талай асыр салған жер
Шабыт қозғап жібергенін қарашы.
Қасқыр көріп бұға қалған баладай,
Бұқпа жатыр жан­жағына қарамай.
Беу, ескі дос!
Көтер десем басыңды,
Міз бақпайды, жалт қарауға жарамай.
Жеті жылдық ер балалар мектебін
Тәмамдап ем,
Тентек етіп ерке күн.
Төбелессіз өтпеуші еді үзіліс,
Әр сағатты еске алып сыр шертемін.
Әне, шулы Шағалалы өзені,
Қандай ғажап!
Жар түбінде кезеңі.
Жалаңаяқ ізім жатыр құмдақта,
Дәл көрсетіп балық үйір межені.
Қара мойыл жарқ еткенде жанары,
Шыдай алмас тірі көкірек саналы.
Суға келген көрші қызы телміріп,
Қармақтағы ақмарқаға қарады.
Егделік пен ерке күннің арасы
Алыс екен, көрінбестей шамасы.
Осынау қызды тым ертерек ұзатқан,
Ол да сенсің, Көкшетаудың қаласы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көбейсін сәбилер

  • 0
  • 0

Көбейсін сәбилер
Шаттандық тіршілік түрленіп,
Дүниеге «шыр» – еткен үн келіп.
Кәкімбек Салықов

Толық

Саған деген сағыныш

  • 0
  • 0

Саған деген сағыныш
Астананың жаңа көше бойында,
Асыл бейнең жүрер бірге ойымда.
Кәкімбек Салықов

Толық

Тағдырым, ғұмыр берме алаңсыз ғып

  • 0
  • 0

Тағдырым, ғұмыр берме алаңсыз ғып,
Сөздің де дәмін ашар табам тұздық.
Әкемді ақ бесікте жұтсам­дағы,
Етпеймін ешқашан да саған құлдық.

Толық