Ашық сыр – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Ашық сыр» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 848
Өту қиын бұл фәниден жасқанбай,
Әу дегенше тиер басқа тас қандай?!
Ерте кетті Сегіз сері өмірден,
Бар күйігін сұм қара жер басқандай.
Асылдарға артқан, тағдыр, пәлең де,
Перде жапты­ау көз бояғыш мәнерде.
Тоқтата алмай жарылысын жүректің,
Кең жалғанға сыймай кетті Сәбең де.
Ыстық қаным осындайдан суыған,
Толғанамын көкірегімді буып ән.
Қуғын көрген Шаяхметовтің ажалын
Хрущевтің шатағы деп ұғынам.
Қиямет­қайым деу ғой мұны дұрысы,
Шындық жеңді, әркім айтар сыбысын.
Жақсы ұқсастық жайнай берсін өмірде,
Адамды адам қырып­жою құрысын.
Кей «дөкейге» тар болғанда кең жалған,
Мықтыларды құрытуға ен салған.
Ебіней аға қуғын көрген күндерде
Ұяты бар орыс­қазақ тамсанған.

06.01.2010.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері