Бұл бетте «Мен тағы да ғашықпын» атты Фариза Оңғарсынова жазған махаббат туралы өлең берілген.
Мен тағы да ғашықпын! Мына Құдай
жүрсін дей ме ғұмырда мұңы арылмай,
сезіну мен сезуден жосаланған
жүрегімді келеді сынап ұдай.
Күйіп-жанып, қуанып көрінгенге,
түсімнен де шошынып, өңімнен де,
жануменен, сөнумен жанұіпырйп
өтіп жатыр, әйтеуір, өмір менде.
Ауру қылған арылсам ой-мұрадан,
тыныштығын тосардай тойлы ғалам,
періштедей пәк тірлік кешсем деп ем -
бей-жайлықты бұйыртпай қойды маған.
Жай отымен жаншылған ертең едім,
айналғандай ертеңге көркем егін.
Баяғыдай ғашық боп тұрмын бүгін.
Енді қайттім?
Тағы да өртенемін!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі