Алаштың асылдары – Ғабиден Қожахмет

Бұл бетте «Алаштың асылдары» атты Ғабиден Қожахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2016
  • 0
  • 0
  • 17512
Шайқалды сан мәрте
Елімнің тұнығы.
Қазағым, асылым -
Көк түрік сынығы.
Торлап ап тұрғанда
Ұлтымды азап-мұң,
Оятпақ болыпты
Ұлдары қазақтың.

Әлихан, Мұстафа,
Ахмет, Міржақып
Орнатпақ болыпты
Халқына нұр бақыт.
Күресті атсын деп елінің ақ таңы.
Алаштың айбынды
Асылдай ұлдары,
Зиялы, жүректі,
Қорғаны тұлғалы
Сын жерде елінің намысын сатпады.

Бақытқа жетсін деп
Келешек ғасырлар.
Елінің ертеңін
Ойлады асылдар.
Еске алса ұрпағы,
Кеудеге өрт толды.
Алаштың ұлдары
Ақ жолда мерт болды.

Әлихан, Мұстафа,
Ахмет, Міржақып
Орнатпақ болыпты
Халқына нұр бақыт.
Күресті атсын деп елінің ақ таңы.
Алаштың айбынды
Асылдай ұлдары,
Зиялы, жүректі,
Қорғаны тұлғалы
Сын жерде елінің намысын сатпады.

Күн туды күлімдеп
Асылдар аңсаған.
Ұрпағы бүгін кеп
Ақ таңын қарсы алған.
Қыранды көк байрақ
Биікке көтерді.
Елтаңба - қос пырақ,
Алысқа жет енді!

Әлихан, Мұстафа,
Ахмет, Міржақып
Орнатпақ болыпты
Халқына нұр бақыт.
Күресті атсын деп елінің ақ таңы.
Алаштың айбынды
Асылдай ұлдары,
Зиялы, жүректі,
Қорғаны тұлғалы
Сын жерде елінің намысын сатпады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алаштың асылдары өлеңінің авторы кім?

Ғабиден Қожахмет — осы өлеңнің авторы.

Алаштың асылдары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алаштың асылдары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғабиден Қожахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алаштың асылдары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері