Үйрен ана тіліңді

Бұл бетте «Үйрен ана тіліңді» атты Оразақын Асқар жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 09.09.2016
  • 0
  • 8
  • 28989
Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,
Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді.
Өз халқыңа бола алмайсың азамат,
Білмей тұрып туған ана тіліңді.

Әлде қалай жоғалтса ана баласын,
Бала іздеп таппай ма өз анасын.
Өгей шеше секілді өзге тіл де өгей,
Өз тіліңмен ертерек тап жарасым.

Сенде айып жоқ, тілің де емес кінәлі,
Ешкімнің жоқ болса да оған күмәні.
Үйренбесең, өз тіліңді білмесең.
Жазықсыз-ақ жазғырып ел тұрады.

Қаның жаның, қазақы ұлттық түрің бар,
Сенен үлгі алар қызың, ұлың бар.
Перзентісің еркін, азат халықтың,
Тәуелсіз ел, мәртебелі тілің бар.


Пікірлер (8)

Айғаным

Жақсы керемет екен. ☺

Аяука

Маа мен осыны жаттап койдым бугин тил мерекеси осыны каз айтамго????

А

Кушти жаксы ♥ Адам жаксы болса журге де жаксы омердк

♥♥♥

Жаксы

Айя

Күшті жаттандым бірақ ұнамад сөздері қиын

????‍♀️

Пікір жазушылар өтінемін жазуымызға мән берейікші. Өлең өте тамаша,таңғаларлық екен.

Нұрдана

Күшті екен

Мұрат

Оразақын Асқардың «Үйрен ана тіліңді» өлеңі – ана тілі туралы терең мағыналы, тәрбиелік мәні зор туынды. Бұл өлеңде автор ана тілін үйренудің, тілге деген құрмет пен сенімнің маңызын көркем тілмен жеткізеді. Туған тіліңді білмей тұрып жоғары білімге жету мүмкін емес екені, өз халқыңа азамат ретінде қызмет ете алмауың да ықтимал екені ашық айтылады. Осы арқылы автор әр оқырманды өз ана тіліне баулу, оны танып‑білу және сақтаудың маңызын көрсетеді.

Өлеңде тіл мен ұлттың байланысы, ана тілін білудің адам тұлғасын қалыптастырудағы рөлі айқын көрінеді. Бұл шығарма әсіресе жастарға, оқушыларға ана тіліне деген сүйіспеншілік пен ұлттық сананы қалыптастыруға бағытталған маңызды әдебиет үлгісі ретінде бағаланады.

«Үйрен ана тіліңді» өлеңі қазақ тілі мен мәдениетін сүйетін әрбір оқырман үшін тәрбиелік маңызы зор әрі жүрекке жылы тиетін шығарма.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үйрен ана тіліңді өлеңінің авторы кім?

Оразақын Асқар — осы өлеңнің авторы.

Үйрен ана тіліңді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үйрен ана тіліңді өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Үйрен ана тіліңді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері