Өлең, жыр, ақындар

Әбіш атаны аңсау

Әбіш Кекілбаев атамыздың өмір жолын, еңбектері, атқарған қызметтерін өлең арқылы баяндадым. Әбіш атамның шығармалары маған ұнайды. Өзім де Маңғыстаудың тумасы болғандықтан Әбіш атамды үлгі етемін.

Кемеңгер ата ой-түйіні өсіп терлеген,
Жасқануды да, именуді де білмеген.
Қай салаға да қорықпай батыл кірісіп,
Әділетсіз іске ешқашан жол бермеген.

Ұрпағы екен тектінің ол бір жөн білген,
Көнбегендерді қара сөзбенен көндірген.
Досыңа адал, дұшпанға қатал дарабоз,
Заманымыздың заңғар тұлғасы деп білем.

Романдар жазып, повестер жазып ерлеген,
Артық сөз жоқ қой еңбектерінде көлденең.
Аударма менен әңгімелері бір төбе,
Оқыған адам шалдығып шаршап көрмеген.

Атақ та болды, абырой да болды атада,
Жасаңдау кезде жүруші еді қатарда.
Есейе келе толысып өскен шағында,
Депутат болып, төраға болып қол жетті үлкен салаға.

Ойы мен бойы келбеті келген жан еді,
Парасат, ақыл, пәлсапасы да дара еді.
Ортадан ойып, биікте тұрған тұғырда,
Ғұлама ғалым өресі өрен дана еді.

Таңырқап қарап еліктейміз– ау жолына,
Туғандай көріп Маңғыстауымның бағына.
Қайтеміз бірақ өмірден өтіп кетті ғой,
Кітабын оқып дәріс аламыз сағына.



Пікірлер (1)

Әли

Керемет! Басқа да өлеңдеріңді асыға күтеміз!

Пікір қалдырыңыз

Менің Отаным Қазақстан

  • 0
  • 7

Қазақ елі Отаным,
Көрдік қой біз боданын.
Мақтанып бүгін айта алам,
Тәуелсіздіктің ұранын.

Толық

Қарап көріңіз