Жас түлектерге

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1404
Сездіріп алда
Сын сағат жақын қалғанын,
Жас түлектерім,
«Мұндалап» шақырды арманың...
Толқытады да сендерді,
Қуандырады да,
Өмір жолына
Жолдама ап отырғандарың.
Әкетер алып
Күні ертең өмір ағымы,
Жол азабының
Байқалмай жеңіл-ауыры,
Аттанарсыңдар
Жол тартып сан тараптарға
Сағындырар да
Сүйкімді қоңырау үні...
Кеуделеріңді кернейді
Қуаныш керім,
Бойларыңдағы
Бұлқиды бұла күштерің.
Өздерің сынды
Жалынды жас түлектерге,
Білесіңдер ме,
Бұл күнде сұраныс көбін?
Отан-Ананың
Үн қосып шақырғанына,
Мерейлі еңбекті
Тартыңдар жақын жаныңа.
Тас бауыры иіп
Қара жер ризығын берер,
«Темір тұлпарын»
Ерттеген батырларына.
Тіршілік – күрес.
Сақтаңдар мұны естеріңде.
Шыңдаларсыңдар
Ширығып күресте мүлде...
Абыройлы еңбек,
Болашақ,
Асқақ арман да,
Барлығы бүгін –
Сендердің үлестеріңде.
Көңілдеріңнің
Бұлт шалмай зеңгір аспанын,
Кеңістіктерге
Жайылып кең құлаштарың,
Арман-асудан асқанда
Биікке самғап,
Қос қанаттарың талмасын,
Қарлығаштарым!
Жылжиды күндер,
Ғасырға ұласар жылдар,
Бұл сәтті, білем,
Қиялдап жиі аңсадыңдар.
Қарлығаштарым,
Ауылдан алыстап кетпей,
Туған жер мұнарасына
Ұя салыңдар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жас түлектерге өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Жас түлектерге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жас түлектерге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жас түлектерге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері