Кеше тоқыраулы судың бойынан – Тәтіқара ақын

Бұл бетте «Кеше тоқыраулы судың бойынан» атты Тәтіқара ақын жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 20461
Кеше тоқыраулы судың бойынан,
Тоқал терек түбінен,
Ніл дарияның басынан,
Құмкент шәрінің қасынан,
Перінің қызы перизаттан туған,
Қара мерген атасы,
Сөзімнің жоқ қатасы,
Кеше бұл тұрымтайдай ұл еді-ау,
Түркістанда тұр еді-ау,
Қызметші боп жүр еді-ау,
Үйсін Төле билердің
Түйесін баққан теріс аяқ құл еді-ау!
Дәл жиырмаға келгенде
Ақ сұңқар құстай түледі,
Азуын тасқа біледі,
Дұшпанға найза тіреді.
Үш жүздің сонда баласы
Ақылдасып, кеңесіп,
Хан көтеріп еді!
Үш жүздің баласын
Бір баласындай көрмеді.
Ат құйрығын сүзіңдер,
Аллалап атқа мініндер,
Ханталау қылып алындар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері