Кебеже қарын, кең құрсақ – Тәтіқара ақын

Бұл бетте «Кебеже қарын, кең құрсақ» атты Тәтіқара ақын жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 2
  • 20923
Кебеже қарын, кең құрсақ,
Артық туған Абылай,
Көтере көр бұл істі.
Көп қытайдың жылқысы
Тұрымтайдай құнысты.
Жау жағадан алғанда,
Ит етектен алғанда,
Ер Абылай қорыққан жоқ,
Әншейін еңкейе бере жылысты.
Бәсентиін Сырымбет
Оқ жіберіп ұрысты.
Ақыл қалмас қашқанда,
Дегбір қалмас сасқанда.
Баяндай ерді көрмессің,
Бұрылып жауды шанышқанда!..


Пікірлер (2)

Малика

Макалдар бар ма

Фариза

Админ үлкен рахмет пайдалы сайт екен

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері