Қамыстың басы майда, түбі сайда – Тәтіқара ақын

Бұл бетте «Қамыстың басы майда, түбі сайда» атты Тәтіқара ақын жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 4
  • 30048
Қамыстың басы майда, түбі сайда,
Жәнібек Шақшақұлы - болат найза!
Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда,
Ер жігіттің ерлігі осындайда.
Бөкейді айт сағыр менен дулаттағы,
Деріпсәлі, Мандайды айт қыпшақтағы!
Өзге батыр қайтса да, бір қайтпайтын
Сары менен Баянды айт уақтағы!
Ағашта, биікті айтсаң, қарағайды айт,
Жігіттік, ерлікті айтсаң, Бөгембайды айт!
Найзасының ұшына жау мінгізген -
Еменәлі керейде ер Жабайды айт!


Пікірлер (4)

УЛУГБЕК

Жаксы сайт екен маган унады

Ұлбосын Айтенова

Басқа шығармалары барма?

тауып ал

Өте керемет.Шығарған адамға рахмет.Но басқа өлеңдері барма

Нұрбол

Сайты ашқан адамға рахмет өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері