Өлең, жыр, ақындар

«Алаш» партиясына қосылмаған ақынға

  • 14.10.2016
  • 0
  • 0
  • 9242
Ертеде Бозша деген ел болыпты,
Мекені Тұңғыш деген бел болыпты.
Өзім ғалым құдайдың үйін көрген,
Бозбай деген сол елде ер болыпты.

Жасынан талапты боп атқа мінген,
Жақсының жолдас болып қасына ерген.
Екі дүние сауабын алмақ үшін
Еліне мешіт, мектеп салып берген.

Күңіренген мектебінде шәкірт оқып,
Көңіліне ғылым алған тоқып.
Мешітке сыймай кеткен тақуалар
Гау бағып күнәсінен қақтан қорқып.

Халықта тура жолға салған Бозбай.
Уағыздап шариғаттан кеңес қозғай.
Әлеумет жарықтыққа сүттей ұйып.
Бәйге алмас мұнан артық ешкім озбай.

Сонымен бір талай жыл өткен дейді,
Атанған Бозбай абыз көптен дейді.
Құдайдың құдіреті емес пе бұл:
Бозекең абыройын төккен дейді.

Сәлдесі әлде қайда қалған дейді,
Мешітке бір сопы жоқ барған дейді.
Мектебі де жабылған әлдеқашан,
Жұрт бұған таң-тамаша қайран дейді.

Уағызы дауға айналып кеткен дейді,
Кәсібі айып алу еттен дейді.
Бұрынғы әбүйірдің бірі де жоқ,
Бұл күнде жасы алпысқа жеткен дейді.

Өзінше мешкей атақ ілініпті,
Бұл мінез жұртқа тегіс білініпті.
Күніне екі-үш мезгіл ет жейтін боп,
Өткізген енді солай тірлікті.

Көрші ел Бозекеңнің момын екен,
Сол елді Бозбай қасқыр торыр екен,
Арық тоқты сойса да айып алып,
Ел үшін арын сатқан обыр екен.

Көз жасы момын елдің көл болыпты,
Ел жегіш Бозбай деген ер болыпты.
Айрылып адамшылық қасиеттерден,
Алымын араз-татуы бір болыпты.

Амал жоқ, кедей сорлы көнеді екен,
Бозбайға не тілесе береді екен.
Болмас іске ат пен тон айып алып,
Мирас боп сол Бозбайдан келеді екен.

Уапырм-ай, мешкейлік те өнер екен,
Момынды жеуге Бозбай шебер екен.
Нашарға болысатын болшебектің
Осыған үкіметі не дер екен?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

А. С. Пушкиннен

  • 1
  • 3

Әрқашан болмақ солай болған жаңа
Әзелден оқиғалар бұ жалғанда.
Ғалым көп, ақылды аз байқасаңыз,
Досың жоқ танисың көп сыналғанда.

Толық

Һүнерін халық файдасына жұмсап жүрген оқығандарымызға

  • 0
  • 0

Жау жүрек, қыран көзді арыстаным,
Жан қыйып халық үшін қарысқаның.
Қатардан қазақ сорды қалдырмасқа
Бәйгеде ұлы дүбір жарысқаның.

Толық

Аяңыздар жетімді

  • 1
  • 5

Жақсы сізге, балалар,
Қысқы кеште рақат
Жылы үйде жайланып
Отырсыздар көңіл шат.

Толық

Қарап көріңіз