Көздеріңде ақыл, ой, мұң тұнады – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Көздеріңде ақыл, ой, мұң тұнады» атты Фариза Оңғарсынова жазған мұң туралы өлең берілген.

  • 22.10.2016
  • 0
  • 0
  • 8596
Көздеріңде
ақыл, ой, мұң тұнады,
адамдайсың қанбаған бір құмары.
Жаның жүдеп, дәрменсіз отырасың
маған қарай жүрегің бұлқығалы.
Мен біреуге жарқ етіп қарадым ба -
қызғанасың
жалт ойнап жанарыңда.
Менің такаппарлығым тұншықтырып,
көмілесің амалсыз нала, мүйта.
Жүрегіңді өртейді зар ма, мұң ба -
қайғы әкелер қол жетпес арман ұлға.
Мен елік боп көзіңе көрінгелі
көріксіз боп кеткендей жан жарың да.
Үміттенер мен жақтан естілмейді үн,
сезбей ме деп ой селін кештің кей күн.
Әйел сезбес сыр бар ма бұл жалғанда -
сезем бәрін. Білемін. Тек сүймеймін.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері