Бұл бетте «Ой» атты Сатқан Молдақасұлы жазған поэзия туралы өлең берілген.
Ақша озды заманда ақылдан да, Дарақы,тентек озды мақұлдан да. Дөрекі,ұры-қары күні туды, Сондайлар мықты болды батырдан да.
Жадыратып бәріңді күлкіменен, Көңілсіздік көрмейсің бір күні менен. Табаныма сезіліп тұрады ылғи, Жұмыр жердің жүрегі бүлкілдеген.
Өмір деген жалын екен, Жалыны шарпып өтеді. Неге шіркін жастық шағың, Жалт етіп тез өтеді.
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі