Бұл бетте «Соңғы сырғанақ» атты Сатқан Молдақасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қыс айының аязды бір кешінде,
Сырғанақты бастап едім бесінде.
Қараөткелдің "Алатаудай" жарында,
Соңғы тепкен сырғанағым есімде.
Жар басынан құйындатып жөнелдім,
Балалықтың қызығына кенелдім.
Кенет шанам асау тайдай бұлт етіп,
Төрт-бес аунап кеткенімді білемін.
Сонан кейін мен сырғанақ теппедім,
Қолшанамды іле қуып жетпедім.
Балдан тәтті балалықтың дәурені,
Білмеппін ғой сол шанамен кеткенін.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі