Шәкіртке төгеді ылғи жан шуағын –
Ғабиден Қожахмет
Бұл бетте «Шәкіртке төгеді ылғи жан шуағын» атты Ғабиден Қожахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Білімнің төгілтеді нәр бұлағын,
Жауапсыз қала қоймас әр сұрағың.
Біледі қоғамы әр кез мұндай жанды -
Қастерлі, қасиетті ол - мұғалім.
Қаламас басқа ойды, ісін білер,
Аямас өз ісінен күшін-жігер.
Сабағын алдындағы шәкіртіне
Байыпты сабырменен түсіндірер.
Оқу мен тәрбиені қатар ұстар,
Білімін ол әмәнда талмай ұштар.
Мінезін әр баланың жіті зерттеп,
Түзеуге тентекті де болған құштар.
Білімі - парасатты, ол - бір ағын,
Шәкіртке төгеді ылғи жан шуағын.
Ұстаз деп қоғам әр кез танитұғын,
Қастерлі, қасиетті ол - мұғалім.
тұмар
өте жақсы
тұмар
өте жжаааааққққссссыыыы